Тексты и переводы песен /

Мың есе | 2001

Жүректі ашуды үйрендім
Қанатсыз ұшуды үйрендім
Ұсынып маған тәтті сезіміңді
Түсіндің сен маған не керегін
Себепсіз күлуді үйрендім
Бояусыз сүюді үйрендім
Сеніменен кездескенге дейін
Шын бақыттың қандай екенін білмедім

Припев:
Күттім бақтым сені іздеп таптым
Сен шақырған тұңғиыққа баттым
Құлай бергім келеді сендегі ол сезімге
Бірнеше рет күніне ертең кеше бүгінде
Күттім таптым көздеріңнен ұқтым
Иісіңді құмарлана жұттым
Тоялмадым дәміңе күт деп тұрсың бәріне
Көтерілсе дүние демеймін мен бәріне

Бұрынғыдан он есе керексің маған
Бұрынғыдан мың есе естимісің мені
Әрбір тамыр талшығым қалайды сені
Молекула жасыша теңейін десе сен
Сен керексің маған,керексің маған!!!!
Тыныштық тыңдауды үйрендім
Тыңдадым тәтті күйге ендім
Еліткен мені сенің үнің ғана
Ерітпепті сенің ыстық бал демің
Себепсіз күлуді үйрендім
Бояусыз сүюді үйрендім
Сеніменен кездескенге дейін
Шын бақыттың қандай екенін білмедім

[Припев]