Тексты и переводы песен /

Ғасырлық мұң | 2001

Ғасырлық мұң
Жүрегіме жиналған
Жауын болып көктен төгілсеңші
Жанымды менің
Тым жұлмалай бермей
Ауаға бу болып бір сейілсеңші

Ғасырлық мұңым
Жүрегімде енді
Мылқау болып мәңгі жата алмайды
Тұрлаусыз уақыт
Тым сұрлана бермей
Сәуле болып бір сәт көрінсейші
Бір көрінсейші

Припев:
Сұр түс арасынан
Мың бояу іздедім
Жоқтың жағасынан
іздеп, не көздедім?
Жансыз қаласынан үміт үзілседе,
Уақыт сарасынан үзілген жоқ үміт!

Сенімсіз сенім
Сен алыстай бермей
Жаныма қайтадан оралсаңшы
Аппақ күндерім
Тек түс болып маған
Қиял болып қана келмесеңші

Ғасырлық мұңым
Жүрегімде енді
Мылқау болып мәңгі жата алмайды
Тұрлаусыз уақыт
Тым сұрлана бермей
Сәуле болып бір сәт көрінсеңші
Бір көрінсеңші

В серых каплях дождя всё пустое прольёт
Чисто вымытый день за прозрачным стеклом.
Закрывая глаза, просыпалась душа.
Чёрно-белый экран лица-кадры листал.