Тексты и переводы песен /

Төтенше жағдай | 2001

Жетудің саған жол бар қандай
Қалдық қой әттең жолыға да алмай
Ойлау мен сені жұмыр жүректе
Төтеңше жағдай орын алғандай

Төрт қабырғаға танылған бөлмем
Сабырым қалмай жанымда мүлдем
Сағыныш іштегі жұқпалы дерттің
Асқынып кеткен шағындамын мен

Припев:
Қойды ғой ұрлап сабырдың кілтін
Шуағы еді танымның күлкім
Қамалып мен де қалдым-ау әттең
Енді ашқан сәтте жанымның құлпын
Қойды ғой ұрлап сабырдың кілтің
Шуағы еді танымның күлкің
Қамалып мен де қалдым-ау әттең
Енді ашқан сәтте жанымның құлпын

Тұсқауыл қойсын бекеттер мәйлі
Ақылым құрғыр жете келмейді
Ол мені алып сағынышыма
Блок посттарды төтеп бермейді

Сағынып сен де еркем білемін
Сені ойлап жаным өртенді менің
Үкімет қойған талап тәртіпке
Көндік алмай жүр теңтек жүрегім

Припев:
Қойды ғой ұрлап сабырдың кілтін
Шуағы еді танымның күлкім
Қамалып мен де қалдым-ау әттең
Енді ашқан сәтте жанымның құлпын
Қойды ғой ұрлап сабырдың кілтің
Шуағы еді танымның күлкің
Қамалып мен де қалдым-ау әттең
Енді ашқан сәтте жанымның құлпын

Боларын былай білмеген едік
Желге ұшар ма екен гүлдеген үміт
Шыдамым менің таусылып бітті
Кездесу керек бірдене қылып

Сағыныш берді көктем мендегі
Қала алмайды екем шектелген күйде
Амалын тауып бір кездесейік
Тастапшы бір ақ бетпердең үйде

Припев:
Қойды ғой ұрлап сабырдың кілтін
Шуағы еді танымның күлкім
Қамалып мен де қалдым-ау әттең
Енді ашқан сәтте жанымның құлпын
Қойды ғой ұрлап сабырдың кілтің
Шуағы еді танымның күлкің
Қамалып мен де қалдым-ау әттең
Енді ашқан сәтте жанымның құлпын