Тексты и переводы песен /

Erikpe | 2001

Еріндерің балдай
Жіберемін түтінді ауаға
Көздеріңе қарауға,
Шыдамым жетпейді маған.
Екеумізге бір жол
Екеумізге бір мазмұндама
Өтірікші, алдама
Бұл бөтен аялдама

Неткен тәтті у
Менің гүлім ең сұлу
Жүзіңдегі жылу
Ең қажетті жаттығу

Қайырмасы:
Доғар
Түнгі клубтарға, түнгі ресторандарға неліктен,
Жүресің сен еліктеп?
Еркем менің, ерікпе.

Доғар
Сенің өмір жолыңа
Мыналар саған серік пе?
Келесі қадам кезекте
Еркем менің, ерікпе.
Ерікпе.

Төгіліп қара шаш
Мөлдіреп қара көз
Үтінем, үндеме
Көп сөз - бос сөз
?Жымындаған шамдар
Мыңдаған көбелектер әдемі
Темір тұлпар сәлемі
Сенің ғажайып әлемің

Қайырмасы:
Доғар
Түнгі клубтарға, түнгі ресторандарға неліктен,
Жүресің сен еліктеп?
Еркем менің, ерікпе.

Доғар
Сенің өмір жолыңа
Мыналар саған серік пе?
Келесі қадам кезекте
Еркем менің, ерікпе.
Ерікпе.