Тексты и переводы песен /

Жүрек лүпілі | 2001

Жігіттің сендей қыраны
Үміттің жібі тұр әлі
Сөзің де маған ұнады
Тәтті, тәтті
Ғашық қылмаған мені ешкім
Өз жүрегіммен кеңестім
Сен ойлағандай емеспін
Қатты, қатты

Припев:
Жүрегің лүпіл лүпіл лүпіл лүпілі қағып тұрса
Тағдыр біз екеумізді жолықтырса
Сезім оттай жанып тұрса
Жанды тербеген қандай музыка

Өзіңдей жанды көрмедім
Ойымнан шықтың сен менің
Жанымды әнмен тербедің
Бара-бара.
Жоғалтып алма сен мені
Сезімім қымбат мендегі
Бақытты нәзік кеудені
Жаралама.

Припев:
Жүрегің лүпіл лүпіл лүпіл лүпілі қағып тұрса
Тағдыр біз екеумізді жолықтырса
Сезім оттай жанып тұрса
Жанды тербеген қандай музыка