Тексты и переводы песен /

QONAQ | 2019

Алдаймыз бірімізді біріміз бұл өмірде
Серік іздеп сабылып күнде өмірде
Ұмытып кетесің қонақ боп келгеніңді
Қонаққа келгеніңді сынаққа бұл өмірге

Сыналу үшін келген өмірге барлық адам,
Сатқындық жасап, бір сүрініп бір құлаған
Өкініштің етегі еңіреп толып жасқа,
Қайғы жұтып талай адам жылаған

Бауырмал болу керек бір пенде бір пендеге
Көмекке жету керек бауырым кел дегенде,
Қиналған əр бір жанға көмегін аямастан,
Қол ұшын созайықшы бауырым сенде менде,

Қонақжай болу керек бауырым сенде менде,
Қайтер ең жаратқан қонаққа жібермегенде
Жалғанды басып бүгін барлығы жалпағынан,
Жақсылық жасайықшы, қайтерек келмегенде...

Өмір, өмір өте шығар
Кеш батсада күн шығады
Берілме сен, берілме сен

Өмір, өмір өте шығар
Кеш батсада күн шығады
Өзіңе сен, өзіңе сен

Үмітін үзбей біреу Арманына асыққан
Сезімін білдіре алмай ессіз сүйген Ғашыққа
Бəрі де жақсы болар, мəңгілік алға қара
Бауырым саған айтар тілерім тек асықпа
Қатыгез бұл қоғамда, бірін бірі тонаған
Жат қылық болып барад досым ау бұл қоғам
Сенуің қиын бүгін шынайы сезімге
Қалталы байлар алады өзінікін қалаған

Бауырмал болу керек бір пенде бір пендеге
Көмекке жету керек бауырым кел дегенде
Қиналған əр бір жанға көмегін аямастан
Қол ұшын созайықшы бауырым сенде менде

Қонақжай болу керек бауырым сенде менде
Қайтер ең жаратқан қонаққа жібермегенде
Жалғанды басып бүгін барлығы жалпағынан
Жақсылық жасайықшы, қайтерек келмегенде

Өмір, өмір өте шығар
Кеш батсада күн шығады
Берілме сен, берілме сен

Өмір, өмір өте шығар
Кеш батсада күн шығады
Өзіңе сен, өзіңе сен

Өмір, өмір өте шығар
Кеш батсада күн шығады
Берілме сен, берілме сен

Өмір, өмір өте шығар
Кеш батсада күн шығады
Өзіңе сен, өзіңе сен

Өмір, өмір өте шығар
Кеш батсада күн шығады
Берілме сен, берілме сен

Өмір, өмір өте шығар
Кеш батсада күн шығады
Өзіңе сен, өзіңе сен