Тексты и переводы песен /

Cөйле | 2017

Үнсіздік әлеміңді жағалады
Жалығып барады ма жанымыз
Көңілім дауысыңды сағынады
Жалғыз боп қаламыз ба тағы біз
Таңдауым өрт болып сен өзегіме
Таусылып талғаны ма әліміз
Алдады тағдыр бізді көнесің бе?
Жаны жоқ қалғаны тек тәніміз

Кінәсіз жүрек тағатсыз күтуде
Айтылмады мүлде, жауабыңды күтем
Тарылып кеуде жабырқаулы күйге
Өзгересің неге? Өтінемін сөйле

Сөйле, сөйле, сөйлеші
Үнсіздігің керек емес
Сөйле, сөйле, сөйлеші
Үнсіздігің керек емес

Қалғандай жалғыз жолда мен
Құбылады сенде мың әлем
Сұрағаным қанша рет бірақ
Көздерің сұрақ, сезімің керең
(Шешімге кел)
Iә...
Жалықтың ба? Жаңылдың ба? Үнде
Алдадым ба, қолдандым ба, күнде?
Бәрін айт, неде дау?
Тіл қаталмай, ойпырмай-ай
Есіңді жи қане сені күтемін мен
Open your eyes

Күрсініп тұрсың әлі сұрағыма
Бәлкім қалауың соңғы кездесу
Жасырып айта алмадың құлағыма
Қасыңда мүмкін емес жылыну

Кінәсіз жүрек тағатсыз күтуде
Айтылмады мүлде, жауабыңды күтем
Тарылып кеуде жабырқаулы күйге
Өзгересің неге? Өтінемін сөйле

Сөйле, сөйле, сөйле
Үнсіздігің керек емес
Сөйле, сөйле, сөйлеші
Үнсіздігің керек емес

Бұл соңы емес, Бәрі де анық
Жүрегіңнен сұра (сұра, сұра, сұра)
Кезегі келді айт, айт
Сен үшін TEDDY TOY
But I am bad boy
Басыңда қанша ой
Соның барлығын жой
Ашығын айта алмай, Жасырма сезімді олай
Жүрегің нені қалайт?
Сұра, сұра, сұра, сұра
Black Dial – дан
Сұра, сұра, сұра, сұра
Қара домалақ
Жүрегіңнен...
Сұра, сұра, сұра, сұра