Тексты и переводы песен /

Umyt Ony | 2017

Шын сезімнің жоқ шоғы болмаған,
Сөнді үміт оты сол лаулаған.
Күтудін жоқ орны ұмыт оны,
Ұмыт оны...

Тамшыдай мұхитқа түскен сезімін білінбеді,
Мұхитты толтырған сол бір тамшы ғана еді.
Күркіреді аспан жел адасып ызғар соқты,
Құшағыма сені алсамда арамыздан жел еседі.
Білесіңбе? Есіндеме? Кездейсоқ біз кездескенде,
Кеудемдегі кесек етті көзқарасын тілген кезде.
Қан тамырымнан жүгіріп оттай ыстық жана бердІ,
Кеудемдегі кесек етті толтырдың ыстық сезімге.
Сенімен тілдескенде тілімді мен жұтып қойғанмын,
Тоймадым қараудан саған көзімді де жұмып қоймадым,
Қауқарсыз болғаным, жанына барып қалмадым жасқанып
Сезімді білдірдім шыдамадым сені қимадым.
Қолыннан ұстағанда тасты ұрғандай үгілемін,
Күйзелемін езілемін, аяусыз таптағандай.
Мүмкін сен біреуге жай ғана адамсын,
Бір ғана мен өзім сен деп ауырған адаммын.

Шын сезімнің жоқ шоғы болмаған
Сөнді үміт оты сол лаулаған
Күтудін жоқ орны ұмыт оны
Ұмыт оны...

Дірілдеп жиі демалған демін сезіледі,
Өртеніп барамын мен жан тәнімді күйдіреді.
Теңізде жүзігендей тұңшықтым жоқ ауа,
Дауа жоқ маған жауапсыз махаббатта.
Жүрегім уақытша тоқтады, таппадым қайдасын сен?
Айтарлықтай мұқтажбын аңсаумен еске түсірем.
Қажыдым бос қиялдан амалым жоқ жіпсіз байландым,
Бүгін ертең таң атқанда, оянып күрсіңем.
Жүремін жақындай жоғалдын уысыммнан,
Күтсемде бүгін ертең, табылмайсын жанымнан.
Сезімім жіптей сөгілді естілді жаусын жаңғырып,
Гүлденген сезім бақтары тапталды болды қалды.
Жаныма жалғыздық келіп тиіседі,жоғалтты күшін,
Әлсіреді жүрегім мен әлсіредім.
Сенімен ұмыту үшін маған төзім керек,
Жаным бар ыстық кеудемде мен сені сүйем демек.

Шын сезімнің жоқ шоғы болмаған
Сөнді үміт оты сол лаулаған
Күтудін жоқ орны ұмыт оны
Ұмыт оны...

Шын сезімнің жоқ шоғы болмаған
Сөнді үміт оты сол лаулаған
Күтудін жоқ орны ұмыт оны
Ұмыт оны...