Тексты и переводы песен /

Не жаздым мен жаным саған | 2017

Не жаздым мен жаным саған,
Қарамастан кеттің маған.
Айлы түннің шуағына шомылып.
Не жаздым мен жаным саған,
Қарамастан кеттің маған,
Айлы түннің шуағына шомылып.

Ызғарлы жел суық, соғып тондырды бойымды,
Суық лебі желдің босатты буынымды.
Белімді сындырды, жүгім ауыр сыңды жүктей білінді ,
Аяғым сүрініп, тым ыстық естелік төгілді.
Жолығар күнді аңсадым, күн санап шатасқанмын,
Жарығым сөнді шаршадым, қай жердемін адасқанмын,
Тұманның арасынан сенің іздерінді іздедім,
Естідім дауысынды алыстан, қайдасын сені көргенмін.
Таң атып күн батып таң атып, күн батып тағы таң атып,
Қара түн қанатын жайып, жалғыздық жетті ұрланып.
Алдыма мұң тамып, қарсы алып, өмірім мұнданып сұрланып,
Қамығып жұлқынып әбден, дәрмен жоқ кеттім жынданып.
Жәрдем боп жетші жылдамдат, көрініп көзіме ғайыптан,
Әттен мазам кеткен, елесінді ертем(-ін) өзімді алдап.
Жанымды баурап алдын тіптен, жүдеттің жүрегімді,
Бүгінімді сұрасаңшы, сені көптен күткем.
Сен білесің бе? Бейнең кетпейді есімде,
Ұмыта алмадым мүлде, болдын өмірлік мүдде.
Неге күлесін сен? Келместі айтпа десем де,
Дайын емеспін мен, сенсіз өмір кешуге.

Не жаздым мен жаным саған,
Қарамастан кеттің маған.
Айлы түннің шуағына шомылып.
Не жаздым мен жаным саған,
Қарамастан кеттің маған,
Айлы түннің шуағына шомылып.

Нөсерлі жаңбырда, аязда, үскірік суықта,
Асыққанмын өзіңе дамылсыз соққан дауылда.
Сүрініп қайта – қайта, келемін жапан далада,
Қайта - айта есімінді, есімді тандыра.
Сөйлеші келші, бері айтсаңшы кім кінәлі?
Бәлкім мұның бәрін, түзетуге мүмкін әлі.
Сірә саған бәрі бір, селт етпедің кеттің әрі,
Мезі қылды мына жұрт, сөйлей берсін кетсін әрі.
Маған қарашы, сен мына менің енді сиқыма,
Қаным шауып басыма, ысып барады миымда.
Ақ түсті шашыма, қан жылады қас қабақта,
Қайда барам? Қайтем енді? Махаббат жоқ сен жақта.
Үмітімді үздім төзбедім, құздан құладым көнбедім,
Шаршадым тағы тоқтадым, өкпемнен өтпеді демім.
Жазаны жалғыз тартқандай болдым, ал сен аман,
Тұңшығып барамын, қарамастан кеттің маған.
Сәрсенбі, қыркүйектің тоғызы еді күздің,
Сол күні, жүрегіме жатталып қалған есімін.
Атылған оқтан, сенің айтылмаған сөзің жаман,
Үн қатпадын, не жаздым мен жаным саған.

Не жаздым мен жаным саған,
Қарамастан кеттің маған.
Айлы түннің шуағына шомылып.
Не жаздым мен жаным саған,
Қарамастан кеттің маған,
Айлы түннің шуағына шомылып.

Не жаздым мен жаным саған,
Қарамастан кеттің маған.
Айлы түннің шуағына шомылып.
Не жаздым мен жаным саған,
Қарамастан кеттің маған,
Айлы түннің шуағына шомылып.