Тексты и переводы песен /

Кешіккен махаббат | 2019

Байқатпай сүйдім көздің қырымен
Жүрегімді еітіп бердім шынымен
Неге бұрын маған жолықпағансың
Жас кезімде еркем қайда жүріп ең
Жас кезімде еркем қайда жүріп ең

Мені көріп бәрін ұмытасызба
Жүрегіме бақыт жуытасызба
Жас жүректі берсең мендегі нәзік
Махаббатпен ағай жылытасызба
Махаббатпен ағай жылытасызба

Менің жылым тоқсан бес
Менің жасым отыз бес
Болмайды десең болмайды еш
Махаббат келген кешігіп
Алмайықшы енді өшіріп

Жан сырыңды маған арнадың жаным
Мен білмедім биік талғамым барын
Сүйдім дағы мені сүйдіріп алдың
Орындалды міне арманым жаным
Орындалды міне арманым жаным

Ғашықтардың бағын аралай келемін
Жүрегіңіз мені бағалайды екен
Сезіміме менде таң қалып тұрмын
Шын махаббат жасқа қарамайды екен
Шын махаббат жасқа қарамайды екен

Менің жылым тоқсан бес
Менің жасым отыз бес
Болмайды десең болмайды еш
Махаббат келген кешігіп
Алмайықшы енді өшіріп

Ұстайыншы сенің қолыңнан лайым
Бола көрме енді жолымнана ғайып
Жүрегіңмен сенің үлескендеймін
Ғашықтардың бірге жолын жалғайық
Ғашықтардың бірге жолын жалғайық

Адастырмас бақыт алып келіңіз
Сенде мәңгі қалып көріңіз
Қос жүректің бірге алауын жағып
Өміріме менің жарық беріңіз
Өміріме менің жарық беріңіз

Менің жылым тоқсан бес
Менің жасым отыз бес
Болмайды десең болмайды еш
Махаббат келген кешігіп
Алмайықшы енді өшіріп