Тексты и переводы песен /

Why'm | 2019

Кеудемде толқын, ал айналамда:
Тұңғиық сай мен көрініс айға,
Мұңға ұқсайтын күлгін бұлт
Сен дым деме, өзіме солай ыңғайлы
Ал әзірге жай үн бола салайын,
Кімге қосылайын, кіммен ән салайын?

Өтсе де уайым, кетпейді мұң
Өтсе де уайым-кетпейді мұң
Өмір бізді былай-былай-былай-былай-былай
Келген кезде уайым уайым уайым уайым
УАЙЫМ УАЙЫМ УАЙЫМ!

Сүй! Біл! Көр де қателес!
Дым уайымдама!
Жиі сұрақтардың жауабын біз алдын-ала білеміз, алдын-ала сен!
Сүй! Біл! Көр де қателес! Дым уайымдама!
Жиі сұрақтардың жауабын біз алдын-ала білеміз, алдын-ала сен!

Кеше түнде жаймен cөйлесіп едім аймен
Сен маған:"жындысың ба?"-десең, саған "иә" деймін
Айналаның бәрі мененгит, бәрін айтып-көрсетуге менен гид шықпайды
Cол үшін мен жылаймын деймін, жылаймын деймін, жылаймын деймін!
Тұра-тұршы мен жаман адаммын ба, жақсы адаммын ба?
Дейтін сұраққа мен жауап бере алмаймын
Ендігіде бәрін бүйтіп жаңадан бастайын,
Жерге шашылып құлайын, сосын қайта жиналайын
Менің басты қарсыласым ол мен
Жақында оны көмемін өз қолыммен,
Оған дейін өміріме қол сұқпаш,
Тап-таза жеңіңді олай бүлдірмең

Сүй! Біл! Көр де қателес! Дым уайымдама, уайымдама!
Жиі сұрақтардың жауабын біз алдын-ала білеміз, алдын-ала сен!

Мынау тыныштық деп аталады
Мынау тыныштық деп аталады
Басыңда жел болса
Мынау тыныштық деп аталады
Біраз адамға керек зат

Дым уайымдама!
Жиі сұрақтардың жауабын біз алдын-ала білеміз, алдын-ала сен!
Сүй! Біл! Көр де қателес! Дым уайымдама!
Жиі сұрақтардың жауабын біз алдын-ала білеміз, алдын-ала сен!